Қойма меңгерушісі

Дата размещения вакансии: 13.10.2025
Работодатель: MYRZA GROUP
Уровень зарплаты:
от 300000 до 500000 RUR
Город:
Алматы
проспект Суюнбая 89
Требуемый опыт работы:
От 1 года до 3 лет

MYRZA BRAND — заманауи этно-бренд, қазақтың ұлттық киімін қазіргі үлгіде шығаратын отандық өндіруші. Біз дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімін көрсететін сапалы өнім жасаймыз.

Міндеттері:

  • Қойманың (қоймалардың) жұмысын ұйымдастыру және бақылау;

  • Дүкенді тауарлармен толықтыру (подсортировка) процесін басқару;

  • Материалдар мен дайын өнімді қабылдау, сақтау, есепке алу және беру;

  • Қойма деректерін жүйеде жүргізу және есеп беру;

  • Өнім сапасын, сақтау шарттары мен мерзімдерін бақылау;

  • Өндіріс, кеңсе және дүкендермен өзара жұмыс істеу;

  • Қоймада тәртіп пен тиімділікті қамтамасыз ету.

  • Нысандағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау;

Талаптар:

  • Қойма меңгерушісі немесе қоймашы ретінде кемінде 1 жылдық тәжірибе;

  • Қоймалық есеп пен сақтау ережелерін білу;

  • Көшбасшы болу және тапсырмаларды тиімді тапсыра білу

  • Жауапкершілік, мұқияттылық және ұйымдастырушылық қабілет;

  • Excel және Мойсклад, 1С бағдарламаларын білу.

Жұмыс шарты:

  • График: 5/2, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін;

  • Тұрақты жалақы — 300 000-нан 500 000 тг-ге дейін (тәжірибесіне байланысты);

  • Тұрақты және дамып келе жатқан компанияда жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • Жақсы ұжым және кәсіби өсуге жағдай жасалған.