Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Талдықорған қаласы
Жалақы мөлшері: айына 410 000 ₸ дейін (салық ұсталғанға дейін)
Жұмыс кестесі: толық жұмыс күні (дүйсенбі – жұма, 8:00-17:00)
Келісім түрі: Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт
MSF (Médecins Sans Frontières / «Шекарасыз дәрігерлер») — бұл халықаралық, тәуелсіз, медициналық-гуманитарлық ұйым. Ол әлемнің 70-тен астам елінде соғыс қақтығыстарынан, табиғи апаттардан, індеттерден және мәжбүрлі көші-қоннан зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
MSF Қазақстанның Талдықорған қаласында қандастар қауымының осал топтарына психоәлеуметтік және медициналық көмекке қол жеткізуді жеңілдетуге бағытталған жобаны іске асырады.
Мақсаты:
Денсаулық сақтауды насихаттау менеджерінің басшылығымен бенефициарлар мен жергілікті қауымдастықтар арасында MSF қызметтері туралы хабардарлықты арттыру. Денсаулыққа қатысты тақырыптар бойынша білім мен дағдыларды нығайту мақсатында үгіт-насихат жүргізу және қауымдастықпен өзара іс-шаралар өткізу.
Міндеттері:
- Қауымдастықтар арасында ақпараттық кездесулер, түсіндіру жұмыстары және цифрлық байланыс арқылы MSF қызметтерін насихаттау;
- Бенефициарларды медициналық және әлеуметтік қызметтерге ертіп жүру, дәрігерлік жолдамалармен көмектесу және қызмет түрлерін алуды жеңілдету;
- Қауымдастықтармен байланыс орнату: жергілікті құрылымдарды анықтау, кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастыру, медициналық тұрғыда маңызды мәселелер бойынша ақпарат тарату;
- Денсаулық сақтау қызметтерімен серіктестік орнату және оқыту-ағарту материалдарын әзірлеу;
- Сапалық бағалаулар жүргізу, іс-шаралардың әсерін бағалау, нәтижелерді Денсаулықты насихаттау менеджеріне баяндау;
- Жобалық жиналыстарға қатысу және ай сайынғы есептерді дайындау.
Білімі:
- Әлеуметтік ғылымдар, әлеуметтік коммуникация, мейіргерлік іс немесе педагогика саласында;
- MSF ұйымының ішкі денсаулықты насихаттау және қауымдастықпен өзара іс-қимыл бойынша оқытуынан өтуі қажет.
Тәжірибесі:
- Кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі;
- Оқыту, мейіргерлік, әлеуметтік жұмыс немесе қауымдастықпен жұмыс істеу тәжірибесі болғаны абзалырақ.
Тіл білімі:
- Қазақ тілін еркін меңгерген;
- Ағылшын және/немесе орыс тілі – артықшылық береді.
Ұсынылатын мүмкіндіктер:
-
Халықаралық гуманитарлық ұйымның құрамында кәсіби даму мүмкіндігі;
-
Ішкі және сыртқы оқыту бағдарламаларына қатысу, денсаулықты насихаттау мен қауымдастықпен өзара іс-қимыл бойынша тәжірибе жинақтау;
-
Көпұлтты командада жұмыс істеу;
- Ағылшын тілі курсы;
- Ерікті медициналық сақтандыру;