Бухгалтер на первичную документацию

Дата размещения вакансии: 05.12.2025
Работодатель: MYRZA GROUP
Уровень зарплаты:
от 250000 до 300000 RUR
Город:
Алматы
проспект Суюнбая 89
Требуемый опыт работы:
От 1 года до 3 лет

MYRZA BRAND — заманауи қазақ ұлттық киімдерін өндіретін табысты этно-бренд. Біз дәстүрлі элементтер мен қазіргі стильді үйлестірген ерлер және әйелдер киім коллекцияларын жасаймыз.

Вакансия: БУХГАЛТЕР

Міндеттері:
• Бастапқы бухгалтерлік құжаттармен жұмыс жүргізу.
• 1С 8.3 бағдарламасын базалық деңгейде меңгеру.
• Контрагенттер бойынша операцияларды енгізу және бөлінуін жүргізу.
• Төлемге шоттар дайындау.
• ТМҚ бойынша іске асыру құжаттарын рәсімдеу.
• Тауарлар мен құжаттардың түсуін бақылау.
• Аванстық есептерді жинақтау және өңдеу.
• Ұйымның толық бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізу.
• Кадрлық іс жүргізу негіздерін білу, еңбек қатынастарын рәсімдеу.
• Кадрлық құжаттарды дайындау: қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс, іссапар, себепсіз келмеу және т.б.

Талаптар:
• Профильді жоғары білім.
• Осындай қызметте кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
• Excel бағдарламасын сенімді деңгейде меңгеру.
• Еңбек және жалақы бойынша еңбек және салық заңнамаларын білу.
• Enbek.kz платформасымен жұмыс істей алу.
• Қазақ және орыс тілдерін меңгеру.
• Ыждағаттылық, мұқияттылық және жауапкершілік.
• Берілген тапсырмаларды соңына дейін жеткізу қабілеті.

Жұмыс шарттары:
• Жұмыс кестесі: 5/2, сағат 10:00–20:00.
• Еңбекақы: 250 000 – 300 000 тг.
• ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру.
• Достық ұжым, қолдаушы басшылық.

MYRZA BRAND командасына қосылыңыз