улица Амангельды Иманова 19
Информатика пәнінің мұғалімі | FM Online 💻
Оқушыға Python-ды түсіндіре аласың ба? Ал ҰБТ-дан 40+ баллға жеткізе аласың ба? Онда бізге сен керексің. 🚀
FM Online — оқушыларды математика, физика және информатика пәндерінен ҰБТ-ға дайындайтын білім беру компаниясы.
Қазір біз информатика пәнін жақсы білетін, күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіре алатын және оқушының нәтижесіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалім іздейміз. Бұл позицияда пәнді білу ғана емес, шешу алгоритмін түсіндіру және оқушының жиі жіберетін қателерін көре білу маңызды.
Сен не істейсің?
— Оқушыларды информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындайсың;
— Онлайн сабақтар өткізіп, оқушылардың прогресін бақылайсың;
— Күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіресің;
— ҰБТ форматына сай тапсырмалар, тесттер және оқу материалдарын дайындайсың;
— Нәтижесі төмен оқушылардың әлсіз тұстарын анықтап, оқыту тәсілін бейімдейсің;
— Ютуб эфир, тик ток эфир немесе қосымша сабақтар өткізесің
Біз кімді іздейміз?
Сен бізге сай келесің, егер:
— информатика пәнін жақсы білсең;
— ҰБТ форматын түсінсең;
— оқушыға күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе алсаң;
— жауапкершілігің жоғары болса және дедлайндарды сақтасаң;
— оқушының жай ғана сабаққа қатысуына емес, нақты нәтижесіне мән берсең;
— командамен жұмыс істеуге және кері байланыс қабылдауға дайын болсаң.
ҰБТ-ға дайындау тәжірибесі болса — үлкен артықшылық.
Біз не ұсынамыз?
📍 Жұмыс форматы — Гибрид (аптасына 2 рет кеңсеге келіп тұруы керек)
⏰ Кесте — 6/1, 16:00–22:00
💸 Жалақы — 200 000 ₸ + бонустар
📈 Өз пәнің бойынша эксперт ретінде дамуға мүмкіндік
🤝 Методистер және мұғалімдермен бірге жұмыс істейтін команда
Егер сен үшін жақсы мұғалім — жай ғана тақырып түсіндіретін адам емес, оқушыны нәтижеге жеткізетін адам болса, біз танысуға дайынбыз.
«Откликнуться» батырмасын басып, резюмеңді жібер — мүмкін, келесі мықты нәтиже сенің оқушыңнан болар. 💻🔥