Физика пәнінің мұғалімі

Дата размещения вакансии: 10.09.2026
Работодатель: Мұхамеджан
Уровень зарплаты:
от 250000 RUR
Город:
Астана
улица Амангельды Иманова 19
Требуемый опыт работы:
От 1 года до 3 лет

Физика пәнінің мұғалімі | FM Online ⚡

Формуланы жаттататын мұғалім емес, физиканы шынымен түсіндіре алатын адам іздейміз.

Егер сен оқушының «физиканы түсінбеймін» дегенін «ааа, енді түсіндім!» дегенге айналдыра алсаң — FM Online командасына қосыл 🚀

Біз ҰБТ-ға дайындайтын академиялық командамыз. Оқушыларымыз физикадан 50/50, 40+, ал жалпы ҰБТ-дан 130+ нәтиже көрсетіп жүр. Енді осы нәтижелерді бірге көбейтетін физика мұғалімін іздейміз.

Сен не істейсің?

— Оқушыларды физикадан ҰБТ-ға дайындайсың;
— Күрделі тақырыптар мен есептерді қарапайым тілмен түсіндіресің;
— Оқушының деңгейіне қарай тапсырмалар таңдайсың;
— ҰБТ форматына сай есептер мен оқу материалдарын дайындайсың;
— Оқушылардың нәтижесін бақылап, қай тақырыпта қиналып жүргенін анықтайсың;
— Академиялық командамен бірге нәтижені жақсартуға жұмыс істейсің.

Бізге кім керек?

Физиканы жақсы білетін, ҰБТ форматын түсінетін және ең бастысы — білгенін оқушыға түсіндіре алатын адам. ҰБТ-ға дайындау тәжірибең болса — үлкен плюс.

Бізден не аласың?

💸 250 000 ₸ + бонустар
🗓 5/2 график: гибрид (кеңсеге аптасына 1-2 рет келіп тұру)
⏰ 16:00–22:00
💡 Өз идеяларыңды, тапсырмаларыңды және оқыту тәсілдеріңді ұсынуға еркіндік
🤝 Академиялық командамен бірге даму және тәжірибе алмасу
🎁 Жоғары нәтиже үшін ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама алу мүмкіндігі

Егер сен үшін 50/50 — жай әдемі сан емес, оқушымен бірге жетуге болатын нәтиже болса, түйіндемеңді жібер. ⚡

FM Online командасында сені күтеміз!