Team Lead сату бөлімі

Дата размещения вакансии: 01.06.2026
Работодатель: БІЛІМ CONSULTING
Уровень зарплаты:
з/п не указана
Город:
Астана
проспект Туран 34В
Требуемый опыт работы:
От 1 года до 3 лет

GEONLINE — ҰБТ-ға онлайн дайындық платформасы. 2021 жылдан бері Қазақстан бойынша 13 000+ оқушыны оқытып, жоғары нәтиже мен грантқа жеткіздік. Қазір сату бөлімін күшейтетін Team Lead іздейміз.

Міндеттері:

— Сату менеджерлерінің жұмысын басқару және бақылау

— Команданың сату жоспарының орындалуын қамтамасыз ету

— Қоңырауларды тыңдап, кері байланыс беру, менеджерлерді дамыту

— Скрипттер мен сату сапасын жақсарту

— Конверсия мен KPI көрсеткіштерін талдау

— Апталық есеп беру және бөлім нәтижесін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу

Біз іздейтін кандидат:

— Сату саласында Team Lead / жетекші ретінде кемінде 1 жыл тәжірибесі бар

— 5+ адамнан тұратын команданы басқарған

— KPI, сату воронкасы және скрипттермен жұмыс істеген

— Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген

— Астанада офисте жұмыс істеуге дайын

Артықшылық болады:

— EdTech немесе білім беру саласындағы тәжірибе

— Ата-аналар және мектеп оқушылары аудиториясын түсіну

Ұсынамыз:

— Тұрақты оклад + KPI бойынша бонус

— Карьералық өсу мүмкіндігі

— Күшті команда және динамикалық орта

— Офис: Астана