проспект Суюнбая 89
«MYRZA BRAND» — бұл 2022 жылдан бері нарықтағы, қазақтың ұлттық киімдерін заманауи стильмен үйлестіретін танымал бренд. Ерлер мен әйелдерге арналған сәнді әрі ыңғайлы киімдер шығарады.
2024 жылы біз 1 миллиард теңгеден астам айналымға қол жеткізіп, 25 000-нан астам клиентке қызмет көрсеттік. Қызметкерлеріміздің саны 60-тан асып, 4 сауда нүктесі мен 8 бөлімшенің үйлесімді жұмысын қамтамасыз еттік.
Myrza Brand компаниясы қазіргі таңда Сату бөлімінің басшысын іздеуде.(РОП)
Бізге онлайн сатуды жүйеге айналдырып, команданы жоғары нәтижеге жеткізе алатын мықты лидер қажет.
Міндеттері:
• Instagram, WhatsApp, Telegram арқылы сатылым процесін толық басқару
• Онлайн сату бөлімін жүйелеу және масштабтау
• Менеджерлердің жұмысын бақылау және нәтиже талап ету
• Скрипттерді жетілдіру, конверсияны арттыру
• Ассортиментті толық меңгеру және менеджерлерге үйрету
• Күнделікті/айлық жоспарды орындау
Бізге кім керек:
• Онлайн сатуда нақты тәжірибесі бар
• Instagram Direct, WhatsApp, Telegram арқылы сатуды кәсіби деңгейде білетін
• Клиентпен жұмыс істеуде шебер, қарсылықтарды жаба алатын
• Ассортиментпен, тауар айналымымен жұмыс жасай білетін
• Команданы басқару тәжірибесі бар
• Нәтижеге жұмыс істейтін, жауапкершілігі жоғары
Біз ұсынамыз:
- Тұрақты жалақы
- Жыл сайын ең үздік қызметкерлерімізге Түркия мемлеткеніне 4 жолдама беріледі
- Демалыс бөлмесі қарастырылған, ол жерде PlayStation және теннис үстелі бар. Үзіліс уақытында ойнап, сергіп алуларыңызға болады
- Жалақы: 500 000тг ден 1000 000 тг дейін
- Корпортивтік іс-шаралар мен тимбилдингтер компанияның есебінен өткізіледі
- Жұмыс кестесі: аптасына 5 күн, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, 2 күн демалыс;
Достық ұжым және бренд Негізін қалаушының өзі сізге тәлімгер болады