200000 до 800000 RUR
от
Алматы
проспект Суюнбая 89
проспект Суюнбая 89
Біз туралы толығырақ "О компании" бөлімінен оқи аласыз.
Не білу керек:
- Онлайнда (Instagram, Whatsapp, телефон) нағыз шебер сияқты сатуды білу;
- Клиентті туысқаныңдай жақсы көру, ақша маңызды емес, бастысы – оған көмектесу;
- Біздің ассортиментті білу, өсу және табысты болу;
- Жазғанда мәдениетті, ал қоңырау шалғанда сыпайы болу;
- Жалпы, сүйікті ісіңді істеп, одан жақсы табыс пен ләззат алу.
Міндетті түрде болуы керек:
- Қазақша тілде еркін сойлеу;
- Энергия – әйтпесе, біз тасбақаларды ұнатпаймыз;
- Қызығушылық – онсыз процеске кірісіп, өзіңді көрсете алмайсың;
- Жауапкершілік – бұл жерде бәрі онсыз да түсінікті =)
- Қиын жағдайдан жеңімпаз болып шығатындай тапқырлық;
- Прагматизм (Егер білмесең, Google-дан қарап ал =))
Арсеналда болмауы керек, себебі біз сені іздемейміз:
- Көп шағымдану (брутальды топта шағымданушы болмау керек);
- Өз есімінде үш қате жіберу;
- Әзілдерді түсінбеу;
- Клиентті ойламау.
Шарттар:
- Тұрақты жалақы, айына екі рет 10-ы мен 25-і күні төленеді;
- Жақсы бонустар: Bentley алуға жетпесе де, лайықты өмірге жетеді;
- Жұмыс кестесі: аптасына 5 күн, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, 2 күн демалыс;
Достық ұжым және бренд Негізін қалаушының өзі сізге тәлімгер болады.