Call-орталық операторы

Дата размещения вакансии: 10.09.2026
Работодатель: БІЛІМ CONSULTING
Уровень зарплаты:
з/п не указана
Город:
Астана
проспект Туран 34В
Требуемый опыт работы:
не требуется

GeOnline — оқушыларды ҰБТ-ға дайындайтын білім беру компаниясы. Біз командамызға оқушылармен алғашқы байланысты орнататын call-орталық операторларын іздейміз.

Негізгі міндетіңіз: дайын база бойынша қоңырау шалып, әлеуетті клиенттің қызығушылығын анықтау және сапалы лидті сату менеджеріне жеткізу. Сату немесе келісімшарт жабу міндетті емес.

Міндеттері:

- Дайын клиенттер базасы бойынша шығыс қоңырауларын жасау;
- Клиентпен қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлесу;
- Оқушының немесе ата-ананың қажеттілігін анықтау;
- GeOnline өнімдеріне қызығушылық қалыптастыру;
- Қызығушылық танытқан клиенттерді анықтап, сату менеджеріне беру;
- Қоңырау нәтижелерін CRM жүйесінде белгілеу;
- Күнделікті қоңыраулар және сапалы лидтер бойынша жоспарды орындау.

Біз үшін маңызды:

- Қазақ тілін еркін меңгеру;
- Телефон арқылы көп сөйлесуден қорықпау;
- Белсенділік, жақсы коммуникация және нәтижеге бағытталу;
- Қарсылықтармен жұмыс істей білу;
- Call-орталық, телемаркетинг немесе сатуда тәжірибе болса — артықшылық;
- Тәжірибесі жоқ, бірақ тез үйренетін кандидаттарды да қарастырамыз.

Нәтижеңіз қалай өлшенеді: қоңыраулар саны → байланысқа шығу деңгейі → қызығушылық танытқан клиенттер саны → сату бөліміне берілген сапалы лидтер саны.

Біз ұсынамыз: тұрақты жалақы + нәтижеге байланысты бонус, дайын клиенттік база, скрипттер мен оқыту, түсінікті KPI және білім беру саласында өсу мүмкіндігі.

Егер сіз адамдармен тез тіл табысып, телефон арқылы белсенді жұмыс істей алсаңыз — бізге қосылыңыз!